00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

«Дикий Арманның» қамау мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды

06.06.2023 | 18:00
55
Фото: Stan.kz

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 5 маусымда сотқа дейінгі тергеу органының өтініш хаты қанағаттандырылды. Соған байланысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда болу мерзімін 2 айға дейін, яғни 2023 жылдың 7 тамызына дейін ұзартуға санкция берілді.

Еске сала кетейік, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиев ұсталған еді. Кейіннен Бас прокурор Берік Асылов «Дикий Арман» ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын. 

Барлық жаңалықтар