00:00
Астана -10oC
USD:
441.44
EUR:
473.09
RUB:
4.75
Іздеу

Денис Тенсіз 5 жыл: Бүгін – спортшының өмірден өткен күні

19.07.2023 | 10:00
33
фото: championat.com

Осыдан 5 жыл бұрын Отандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен 25 жасында ауыр пышақ жарақатынан өмірден өткен болатын, деп хабарлады Elorda.info.

2018 жылы 19 шілдеде Алматының қақ ортасында Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен дене жарақаты салдарынан көз жұмды. 

Анықталғандай, дәл сол күні спортшы көлігінің айнасын ұрлап бара жатқан екі адамның үстінен түскен. Екі арада басталған жанжалдың нәтижесінде әлгі адамдар Денис Тенді пышақтап кеткен. 

Арада екі күн өткен соң, сол жылдың 21 шілдесі күні   белгілі спортшыны шығарып салу рәсімі Алматыда өтті. Оған еліміздің көптеген қалаларынан жанкүйерлері қатысты.

Артынан үш күдіктіге қатысты іс қозғалып, сот шешімімен олардың екеуі 18 жылға тағы бір күдікті қыз бала 4 жыл бас бостандығынан  айырылды. 

Барлық жаңалықтар