00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Биыл жазда балаларды қанша лагерь қабылдайды?

25.05.2023 | 10:00
53
Фото: 7-su.kz

Биыл жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптар аралығындағы балалардың 85,3 пайызы қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Elorda.info

Қазіргі таңда лагерьлерде балаларды қабылдауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп, аяқталуға жақын. Каникулды асыға күткен балаларымызға қала сыртындағы 218 және 10,2 мың мектеп жанындағы, профилдік және шатырлы лагерлер есігін айқара ашатын болады, - деді Ғани Бейсембаев. 

Министр өз сөзінде, елімізде ең көп лагерьлер саны бар өңірлерді атады. 

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан 19 лагерь болса, Алматы облысында 18, ал Түркістан облысында 16 лагерь бар. Ұлытау облысында қала сыртындағы лагерь мүлдем жоқ, Астанада мұндай 2 лагерь бар, Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында 3 лагерьден бар.

Барлық жаңалықтар