00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Биыл 3 млн-ға жуық бала жазғы түрлі сауықтыру орындарында демалады

08.04.2024 | 12:58
Елорда ақпарат
74
демалыс
фото: дереккөзден

Биыл жазғы демалыс кезінде 1-10 сынып аралығындағы 2,9 млн қазақстандық оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтудың түрлі шараларына қатысады, деп хабарлады Elorda.info ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарламада еңбек және шығармашылық жұмыстар, туризм, зияткерлік сабақтармен қатар, халықаралық шаралар қамтылған.

Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз және жан-жақты ұйымдастыру үшін министрлік 8 мемлекеттік органмен бірге 2024-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Жұмысты үйлестіру үшін республикалық ведомствоаралық штаб құрылды. Өткен жылғы жазғы демалыс кампаниясының нәтижелері талданып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Сондай-ақ, мұғалімдерге, балаларға және олардың ата-аналарына арналған бағдарламалар, ережелер, күнтізбелік жоспарлар және нұсқаулар қамтылған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Балаларға арналған нысандарды қабылдау және лагерь қызметкерлеріне нұсқау жүргізу кестелері жасалды, - деді Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.

Айта кетейік, биыл төрт сауықтыру орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 210 балалар сауықтыру орталықтарының алдын-ала тізімі жасалып, денсаулық сақтау және ТЖ бойынша аумақтық қадағалаушы органдарға өтінімдер жолданды.

Барлық жаңалықтар