00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Балық 19 пайызға қымбаттады

22.08.2023 | 14:00
76
фото: medaboutme.ru

Елімізде балық пен теңіз өнімдері өндірісі өсті, деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтар–шілдеде балық өндірісі 27,3 мың тоннаны құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1 пайызға артық. 

Елімізде бірінші тоқсанында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну орташа есеппен жан басына шаққанда 3,4 келіні құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 2,3 пайызға төмендеді.

Өңірлер арасында балық пен теңіз өнімдерін тұтыну айтарлықтай өзгерді. Ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелді: бір адамға орта есеппен 4,8 келі. Одан кейін Атырау (4,5 келі), Солтүстік Қазақстан (4,4 келі) және Батыс Қазақстан (4,4 келі) облыстары келеді. Бұл ретте Шымкентте тұтыну бір тұрғынға небәрі 1,5 келіні құрады. 

Балық пен теңіз өнімдерінің бағасы шілдеде бір айда 0,4 пайызға, бір жылда бірден 18,7 пайызға қымбаттады. Айта кетейік, бір жыл бұрын баға өсімі 18,8 пайыз болған.

Сектордағы бағаның ең жоғары өсімі Ұлытау облысында байқалды: бір жылда бірден 37,4 пайыз. Одан кейін Маңғыстау және Павлодар облыстарында байқалды. Бағаның ең аз өсімі Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді.

Барлық жаңалықтар