00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Бүгін – Республика күні

25.10.2023 | 02:00
72
фото: gov.kz

Бүгін, 25 қазан – Республика күні. Бұл мереке 1992 жылдан 2009 жылға дейін 17 жыл тойланып, кейін үзіліп қалды. Былтыр 13 жылдан кейін мереке қайта оралып, ұлттық мерекеге айналды.

Былтыр 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Республика күнін қайтарып, оған ұлттық мереке мәртебесін беруді ұсынды.

Кейін қыркүйекте Қазақстан Республикасының парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіп, «25 қазан Республика күні» – ұлттық мереке, ал «16 желтоқсан Тәуелсіздік күні» – мемлекеттік мереке деп танып, бекітті.

Айта кетейік, 25 қазан Республика күні – Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданған атаулы күннен пайда болған күн. Бұл – халқымыз тәуелсіздік алуға деген алғашқы қадамы болатын. Сол уақытта Кеңес құрамындағы Қазақ кеңестік социалистік республикасы өзін егемен ел атануға дайын екенін білдіріп құжат қабылдады.

Барлық жаңалықтар