00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады

03.08.2023 | 04:00
42
Фото: ашық дереккөз

Елімізде тұрғындар саны  2023 жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша 19 899 377 адамға жеткен, деп хабарлады  Elorda.info

Аталған  мәлімет Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды. Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың саны бір айда 20 мыңнан аса адамға өскен. 2023 жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша Қазақстандағы халық саны 19 879 003 адам болған.   

Оның ішінде қала халқы 12 317 671 адам, ауыл халқы 7 581 706 адамға жеткен. Бюро ақпаратынша, Қазақстанда халқы ең көп шоғырланған - Алматы қаласы. Мегаполисте ресми тіркелген 2,1 млн адам тұрады. Екінші орында - 2,1 млн тұрғыны бар Түркістан облысы тұр. Халық санын жөнінен алғашқы үштікті 1,5 млн түрғынымен Алматы облысы түйіндеп отыр. 

 Сондай-ақ, осы  жылғы 1 шілдедегі дерек бойынша елордада 1 383 291 адам, еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте 1 205 889 қазақстандық тұрады.

Барлық жаңалықтар