00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Ауа райына байланысты Астанадан 4 аймаққа қосымша пойыздар ашылды

02.01.2024 | 04:00
41
фото: дереккөзден

Бүгін келесі қала маңындағы пойыздар жолаушы тасымалдайтын болады: 

- Астанадан Атбасарға сағат 8:38-де №6803/6804 «Астана-Атбасар» электр пойызы жөнелтіледі. Жолаушыларға 274 орын ұсыну көзделген. Кері бағытта пойыз сол күні Атбасардан сағат 14:40-та жүреді.

- Астанадан Көкшетауға сағат 17:00-де №6805/6806 «Астана-Бурабай-Көкшетау» бағытындағы электр пойызы (376 орындық) жүреді. Кері бағытта пойыз Көкшетаудан сағат 22.35-те жөнелтіледі.

- Павлодардан Астанаға сағат 11:57-де №7509 «Павлодар-Астана» бағытындағы электр пойызы жолға шығады.(376 орын). Электр пойыз Астанаға сағат 14:49-да келеді.

- Бурабай курорты станциясына дейін №7553/7556 «Қарағанды-Астана» бағытындағы электр пойызының қозғалысы ұзартылады (атауы №6811/6812 «Астана-Бурабай курорты»). Ол Астанадан сағат 10:10-да жөнелтіледі, жолаушыларға 276 орын беріледі. Кері бағытта пойыз Бурабайдан сағат 14:48-де кетеді. 

Биылғы жылдың 1 қаңтарында сағат 21:00-ден бастап қосымша қала маңындағы пойыздарға билеттерді сату ашылады.

Жалпы, жаңа жылдық мерекелерге - 2023 жылғы 26 желтоқсаннан 2024 жылғы 5 қаңтарға дейін Ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздар мен тіркеме вагондарды тағайындау есебінен 20 мың қосымша орын ұйымдастырды. Соңғы 2 күн ішінде 4 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.

Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларынан сатып алуға болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі, «KTZH_PP_BOT» бот жеделхаттары, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.

Барлық жаңалықтар