00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Астанадағы балалар дүкені Z белгісі бар ойыншықтар сатқан

16.06.2023 | 19:30
53
Фото: дереккөз

Елордадағы балалар дүкені ресейлік «Z» әскери таңбалары бар ойыншықтар сатқан, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы журналист Лұқпан Ахмедияров facebook-парақшасында жазды.

«Балалар әлемі» деген бейкүнә аты бар жергілікті ойыншықтар дүкеніне бардық. Келсек, мұнда Z белгілері бар ойыншықтар тұр. Әскери жүк көліктері, броньды машиналар, тікұшақтар мен ұшақтар. Барлық жапсырмаларда «Ресей Федерациясының Қарулы Күштері» деген жазу бар. Тіпті Ресей гвардиясының эмблемалары бар бірнеше полиция вагонын да байқадық. Мұндай ойыншықтарды не үшін сатып жатқандарын сұрау үшін сатушыны шақырдық. Екі сатушы түсіндірудің орнына: «Бұл жай ойыншықтар және бұл жай ғана сіздің пікіріңіз» деген сарындағы ойын айта бастады. Полиция шақыруға мәжбүр болдық, – деп жазды ол.

Журналист жазбасымен қатар ойыншықтардың суретін қоса жариялаған.

Келген полиция қызметкерлері мені тыңдап, дүкеннің сатушылары мен иелеріне бұл ойыншықтарды сөрелерден өз еркімен алып тастауды ұсынды. Дүкен қожайындары өздері де соғысқа, мұндай соғысты насихаттауға қарсы екендіктерін айтып, Z таңбалары бар мұндай ойыншықтар кездейсоқ тап болғанын айта бастады. Қысқасы, алдырып тастадық, – дейді Лұқпан Ахмедияров.

Барлық жаңалықтар