00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Ашулы мұғалім оқушының психикасына қатты әсер етеді – психолог маман

23.06.2023 | 18:35
28
фото: inform.kz

Мектепте үлгерімі жақсы және нашар оқушыға деген көзқарас бар. Мұғалімдер үлгерімі төмен оқушыларға жаза қолданып, істі ушықтырады. Ал оған себеп оқушы психологиясының мектепте ескерілмейтіндігі. Психолог Шынар Болат оқушы үлгеріміне бірнеше факт келтірді, деп хабарлады Elorda.info. 

Оқушылардың арасында тең құқық болуы керек. Мұғалімдер үлгерімі жоғары және төмен оқушыларға бірдей мәміледе, бірдей қарым-қатынаста болуы тиіс. Бұл үлгерімнің жақсаруына деген алғашқы бастама. Егер оқушы үй тапсырмасын орындауды ұмытқан жағдайда  мұғалім ескертулер жасаса немесе кешірімдік танытса, оқушының келесіде орындап келуіне жүз пайыз кепілдік беруге болады. Себебі, мейірімділік пен түсіністік танытқан мұғалімнің үмітін ақтауға оқушы қашанда жұмыс істейді,- деді психолог маман.

Психологтың айтуынша, мұғалім әрқашан сабырлық танытқаны жөн. 

Ашулы мұғалім оқушының психикасына өте қатты әсер етеді. Оның оқуға, ізденуге деген жігерін құм қылады. Оқушыға жаза қолданылса, оқушының кері мінезін тудырады. Ол дегеніміз қарсылық танытып, мұғалімді тыңдамауға әкеліп соғады. Өйткені, өзімен жасты, қатарлас сыныптастарының алдында абыройы төгіліп, сөз естіген оқушының одан әрі сабақ оқуға деген ынтасы мен зейіні жойылып, мұғалімге деген сыйластығы қоса жоқ болуы әбден мүмкін,- деді Шынар Болат.

Психолог сөзінше, 10-11 сынып оқушыларына «жаза» деген сөздің өзін айтудың мүлдем қажеті жоқ. Өйткені, олар өз алдына жеке тұлға. Тұлға болып қалыптасып келе жатқан оқушыға мадақтау мен қолдау қажет. 

Оқушы психологиясы мектептің басты мүддесі. Оқушы мектептің бір бөлшегі. Мадақталған оқушының үлгерімі де, белсенділігі де, тіпті көңіл – күйі де екі еселенеді. Бала психологиясына бастауыш сыныптан бастап көңіл бөлінгені дұрыс, оқушының сауатты, білімді болуына да барлық жағдай әсер етеді, - деді психолог.

Дайындаған Ақбота Габдсалимова 

Барлық жаңалықтар