00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алмагүл Сегізбай: Ел басына түскен қиындықты бірге еңсерейік

06.04.2024 | 18:58
Елорда ақпарат
75
Алмагүл Сегізбай: Ел басына түскен қиындықты бірге еңсерейік
Фото: ТЖМ

Астана қаласы №91 мектеп-гимназиясының директоры Алмагүл Сегізбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады.    

Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Мемлекет су тасқынының зардаптарын жою бойынша қарқынды шаралар қабылдауда. Төтенше жағдайлар қызметі мен құтқару жасақтары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.             

Елде қалыптасқан жағдай Мемлекет басшысының жеке бақылауында.      

Өз сөзінде Президент құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа алғыс білдірді. 

Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды.           

Сондықтан бірлігіміз жарасып, осы апатты бірге еңсерейік! – деді ол.

Барлық жаңалықтар