00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Қала тұрғындары қара нанды көбірек тұтынады

05.09.2023 | 15:00
50
фото: egemen.kz

Елімізде биыл қаңтар–шілде айлары аралығында 296,4 мың тонна нан өндірілді, бұл былтырғыдан 0,7 пайызға аз,- деп хабарлады Elorda.info Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшылар мәліметінше, өндірістің ең көп көлемі Түркістан облысына тиесілі. Бұл елдегі жалпы өнімнің 24 пайызы. Екінші және үшінші орында Алматы және Ақтөбе облысы тұр. Ең аз Ұлытау облысында тіркелді. 

Ұлттық статистика бюросының үй шаруашылығына жасаған зерттеуіне сәйкес, бір адамға 876 грамм қара бидай мен бидай ұнынан пісірілген наннан келді. Бұл былтырғыдан 13,3 пайызға артық. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наның тұтыну бір тоқсанда 7,1 келіге азайған. Қара бидай мен бидай ұны наны қалалық жерлерде көбірек тұтынылды. Жан басына шаққанда 918 грамм, ауылда 808 грамм. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны, керісінше, ауылдық жерлерде көбірек сұранысқа ие болды.

Биыл шілде айының қорытындысы бойынша, нан бір жылда 8,6 пайызға қымбаттаған. Оның ішінде қара бидай мен бидай ұны наны бір жылда 12,7%-ға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 12,4%-ға, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны — 5,8%-ға қымбаттады.

Барлық жаңалықтар