00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстандықтар зейнетақы шотында 15,13 трлн теңге жинады

01.04.2023 | 00:51
Елорда ақпарат
42

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының таза инвестициялық табысы жыл басынан бері 204,4 млрд теңгеден асты, деп хабарлады Elorda.info қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша салымшылардың зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысын қамтитын зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 15,13 трлн теңге болды.

2014 жылдан (барлық зейнетақы активін БЖЗҚ-ға біріктіру үрдісі аяқталған) бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен таза инвестициялық табыс 7,13 трлн теңгені құрады. Зейнетақы активтерінің портфелін таңдалған қаржы құралдары, экономика салалары мен валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2 ай ішінде оң инвестициялық кіріс алынды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі қаланған кезеңнен (1998 жыл) 2023 жылдың 1 наурызына дейін жинақталған кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 695,96% болғанда өспелі қорытындымен 740,12% көрсетті, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар