00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасап шығарды

01.04.2023 | 00:46
Елорда ақпарат
71

Түркістан облысында оқушы қыз қара жорға билейтін робот құрастырды, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Кентау қаласындағы №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады. Жас өнертапқыш тәлімгері Ақниет Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір құрастырды.

Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», «Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу, – дейді Ақниет Елемесова.

Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан робототехникаға қызығушылығы артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келді және ойын жүзеге асырды.

«Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке таныстырды.

Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден де озат оқушы.

Барлық жаңалықтар