00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

01.04.2023 | 00:38
Елорда ақпарат
32

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт пен құт-береке тіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті отандастар, сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам біз үшін табиғат пен өмірдің жаңаруымен, қыстан аман-есен шығып, ағайын-туыстармен көрісетін ерекше күннің бірі. Заманауи Қазақстан үшін бұл айтулы мереке барша халықты біріктіретін, татулық пен құндылықтарды насихаттайтын күнге айналды.

Көктем мерекесі сіздерге тек қуаныш пен бақыт әкелсін. Шын жүректен сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға шаттық пен құт-береке тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! - делінген министр құттықтауында. 

Барлық жаңалықтар