00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Биылғы Ораза кестесі жарияланды

01.04.2023 | 00:14
Елорда ақпарат
30

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Астана, Алматы, Шымкент қалаларына арналған 2023 жылдың ораза кестесін назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлады Elorda.info.

Қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қадір түні 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түнге түсіп тұр. Ал Ораза айт – 21 сәуір.

Рамазан айы – әр жылы қайта оралып, мұсылман адамға өз-өзіне жаңадан тәрбие беруге мүмкіндік беретін, мұсылман пенденің сабырлығы бойынша емтихан тапсыратын ай. Оразаға ниет еткен жамағат ала таңнан ақшам уақытына дейін сабырлық жасайды. Ораза болғаны үшін кешке дейін ішіп жемейді. Сондай-ақ, ашу-ызаға  бой алдырмай,  жұмсақтық танытады. Тұла бойын харамнан, тілін жаман сөзден, көзін сұқтанудан сақтайды.

Атап өтейік, мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

Барлық жаңалықтар