Elorda.info

Елімізде ауыл тұрғындарының саны қанша

Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алдыңғы қатарда

Елімізде ауыл тұрғындарының саны қанша

Қазіргі уақытта еліміздің ауылдарында 7,5 миллионнан астам адам тұрады, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл – ел халқының 38,2%-ы.

Урбанизация қарқынына байланысты соңғы жылдары ауыл халқының үлесі азайып келеді. Егер былтыр жыл басында ауылдардағы халық саны 7 728 176 адамды құраса, биыл бұл көрсеткіш 7 556 745 болды. Оның ішінде 3 832 903 – ерлер, 3 723 842 – әйелдер.

Ауыл тұрғындарының саны жағынан Түркістан облысы алдыңғы қатарда. Ондағы ауылдықтар саны – 1 599 909 адам. Екінші орында Алматы облысы – 1 262 161 адам, үшінші орында Жамбыл облысы – 691 179 адам. 

Ауыл тұрғындарының саны ең аз өңір –  Ұлытау облысы. Онда облыс халқының 21%, яғни 46 328 адам тұрады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет