00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Түрмеде суицид жасаған сотталушының асқазанынан хат табылды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 23:11
ҒаниАтымтай
50

Алматы облысында 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан Әркен Қарасай өзіне-өзі қол салған, деп хабарлады Elorda.info.

31-телеарна таратқан мәліметке сенсек, хатта мұндай ауыр қадамға баруына нақты кімдердің себепкер болғанын ашық жазған. Яғни түрме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, балағаттап, өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейді екен. Ал марқұм бұл азаптан құтылудың жалғыз жолы өз өмірін құрбан ету деп шешкен. Мекеме басшылығы болса, марқұмның мінезі де, мінездемесі де жақсы еді деп отыр. Сондықтан олар жазасын өтеушінің неліктен суицид жасағанын білмейді.

Әркен Қарасай 2021 жылдан бері ЛА-57 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп келген. Ал 15 ақпан күні таңғы 4-тер шамасында ағасына өз-өзіне қол салмақшы екенін хабарлапты. Өйткені түрмедегі зорлық-зомбылық пен қысымға шыдай алмадым деген. Яғни мекеме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, намысын таптауды әдетке айналдырғанын айтқан. Әрі оған нақты кімдерді кінәлау қажеттігін де жазған. Сөйтіп, 4 қызметкердің атын атапты.

Осыған жеткізген мекеме қызметкерлері. Атап айтатын болсақ, Жасұлан Қабылович, Әліпбаевич, Самат Төлегенович, Біржан Бақытжанович. Осы есімді кісілер мені тыныш өмір сүргізбейді. Бұл мекеменің заңы сол кісілер, - дейді марқұмның ағасы Жәкен Қасенов.

Ол Әркеннің хатын оқығаннан кейін түзеу мекемесіне барған. Түрмеге таңғы сағат 6-да жетіпті. Бірақ ол кезде бәрі кеш еді. Өйткені бауырымен бір түрмеде жатқан жазасын өтеушілер асылып тұрған денесін түсіріп үлгерген. Сосын ол құзырлы орган өкілдерімен мәйітке сараптама жасатуға барыпты. Себебі інісі соңғы жазбасында хаттың түпнұсқасы ішінде болатынын айтқан екен. Ал сараптама кезінде салафанға оралған ақтық хаты асқазанынан табылған. Сондықтан марқұмның ағасы жазықсыз бауырын осындай жағдайға жеткізген мекеме қызметкерлері лайықты жазасын алсын деп отыр.

Ал бұл жағдайға қатысты ҚАЖК Алматы және Жетісу облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов түсініктеме берді.

Мұндай жағдайлар, яғни суицид сотталғандар арасында болып тұрады. Бұл жігіт өз-өзіне қол салу бойынша қауіп тудыратындардың есебінде тұрмаған. Мінездемесі оң жағынан сипатталған, - дейді ол.

Қазір марқұм Әркен Қарасай атын атаған төрт қызметкерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті тергеп жатыр. Олар лауазымын асыра пайдалану дерегі бойынша күдікке ілінген әрі түзеу мекемесінде де ішкі тексеріс басталған.

Барлық жаңалықтар