Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл түнінде жұмыс істеген қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлады Elorda.info Ақорда баспасөз қызметінің БОРТ №1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жаңа жыл түнінде азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, сондай-ақ маңызды нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге, полицейлерге, әскери қызметшілерге, коммуналдық және басқа да салалардағы азаматтарға алғыс айтамын.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін, - деді Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.