Elorda.info

Екібастұзда жылу желілерінде жөндеу жүріп жатқан үйлердің тізімі жарияланды

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған

Екібастұзда жылу желілерінде жөндеу жүріп жатқан үйлердің тізімі жарияланды

71 көпқабатты проблемалық үйлердің жертөлелеріндегі жылыту тораптарына жылу берілді, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда осы үйлердің жылыту тораптарында жөндеу жұмыстары аяқталды. Пәтерлердің ішіндегі құбырлар мен регистрлерді қосу жүріп жатыр. Сонымен қатар,  мамандар су және кәріз жүйелерін қалпына келтіруде, — деді жедел штабтың жетекшісі - премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы  689 көп қабатты үй бар. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам жұмылдырылған.

Жедел штаб жылу желілерінде жөндеу жүріп жатқан үйлердің тізімін жариялады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет