00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Саиров олигархтардың бетіне түкірді ме – Мәжіліс депутаты жауап берді

31.03.2023 | 20:41
Сабина Кәкімжан
152

Бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саировқа «Тікелей эфирдегі әрекетіңізді олигархтардың бетіне түкіру деп есептейсіз бе?» деген сауал қойылды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Оқи отырыңыз: Клебанов Екібастұз халқына моральдық шығын төлеуі қажет – Мәжіліс депутаты

Міндетті түрде. Егер олигархтар халықтың мұң-мұқтажының бетіне түкіретін болса, онда халық олигархтардың бетіне түкіруге барлық хақы бар. Мен өзімнің қылығым үшін халықтан кешірім сұрадым. Кеше тікелей эфирде тағы да кешірім сұрадым. Халық кешірімімді қабыл алды деп есептеймін. Сондай-ақ кеше еліміздің түкіпір-түкпірінен адамдар хабарласты. Олар мені қолдайды деп ойлаймын. Бұл рефлексиялық жағдай болды. Ол кезде дала аяз болды. Күн суық еді. Біз шамамен 5 сағаттай далада аязда жүрдік, - деді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Еске сала кетсек, бұған дейін депутат тікелей эфир кезінде жерге түкірген. Сол үшін айыппұл төлеген. Айыппұл төлегенін растайтын чекті facebook-парақшасында бөлісті. 

Барлық жаңалықтар