00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Қазақстанның өз Грин картасы пайда болуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында 2023-2027 жылдарға арналған «Ашық Қазақстан 500+» көші-қон саясатының тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Министрдің айтуынша, этникалық көші-қонды реттеу бойынша шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану қажет. 

Осы мақсатта «Ата жолы» картасын (американдық Грин картаға ұқсас) енгізу ұсынылады. Бұл құжат жоғары деңгейдегі кәсіби маман немесе өздері тұратын елдерде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ықыласты қазақтарға берілетін болады. 

Мұндай азаматтар 10 жылдық жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік алады. 

Оларды тарихи Отанын дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайынғы «Парыз» байқауы аясында Президент сыйлығымен марапаттауды ұсынамыз, – деді министр.

Барлық жаңалықтар