00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде 20 аудандық аурухана ашылады

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы туралы баяндамасын жасады, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 12 аурухана жаңартылып, 20 аудандық аурухана ашылады. Бұл жұмыстар “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы” аясында жүзеге асырылады.

Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісінің, оның ішінде 253 – медициналық пункттің, 160 – дәрігерлік амбулатория мен 242 – фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы бойынша дайындық жұмыстары басталды. 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы ұйымдастыру жұмыс істеп тұрған 12 аурухананы жаңғыртуды және 20 жаңа аурухананы ұйымдастыруды көздейді, — деді Ажар Ғиният. 

Сондай-ақ, ауруханаларда инсульт және кардиологиялық, реанимация және қарқынды терапия, травматология және оңалту бөлімшелерін ашу жоспарлануда.

Аудандық орталық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық кластағы ультрадыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, реанимациялық, медициналық оңалтуға арналған жабдықтар) үшін жарақтандыру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.

Барлық жаңалықтар