00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қазақстанда адам саудасы азайып келеді

31.03.2023 | 19:53
Елорда ақпарат
29

Елімізде 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында адам саудасына қатысты 81 құқық бұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 37,2%-ға аз, деп хабарлады Elorda.info ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыстың басым бөлігі жезөкшелік және онымен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстауға қатысты. Осыған қатысты 44 іс тіркелген, ал бір жыл бұрын олардың саны 75 болған еді. Бір жыл ішінде қылмыс 41,3%-ға азайған.

Тағы 11 іс адам саудасына, 9 факті кәмелетке толмағандарды сатуға, 8 факті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартуға, 6 факті – жезөкшелікпен айналысуға, 3 іс – қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысты.

Өңірлік бөліністе адам саудасына қатысты құқық бұзушылықтар көбіне Шымкент қаласында тіркелген. Онда 17 құқық бұзушылық анықталған, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе көп.

Екінші және үшінші орында Астана (13 құқық бұзушылық, бір жылда 18,2%-ға көбейген) және Алматы (12 құқық бұзушылық, бір жылда 40%-ға азайған) қалалары тұр. Қостанай (7 құқық бұзушылық, бір жылда 40%-ға артқан) және Қарағанды (5 құқық бұзушылық, бір жыл ішінде 28,6%-ға азайған) облыстарында да көрсеткіш көңіл көншітпейді.

Ұлытау және Ақтөбе облыстарында бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.

Нақты жеке тұлғаларға қатысты құқық бұзушылықтарға келсек, адам саудасы 9, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту 8,  жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау 6, кәмелетке толмағандарды саудалау 5, жезөкшелікпен айналысуға тартудан 4 факті тіркелген.

Көбінесе зардап шеккендер – әйелдер (26 адам). Кәмелетке толмағандардың арасында 11 жасқа дейінгі 1 бала, 14-15 жас аралығындағы 3 бала және 16-17 жас аралығындағы 8 бала бар.

ІІМ елімізде Адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасы талқыланып жатқанын хабарлаған болатын.

Заң жобасы Әділет министрлігіне – 2023 жылдың қаңтары, Үкіметке – 2023 жылдың ақпаны, Парламентке – 2023 жылдың сәуірінде талқыланбақ.

Барлық жаңалықтар