00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Павлодарда балабақша тәрбиешісі жарымжан баланы аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

31.03.2023 | 19:09
Елорда ақпарат
34

Павлодарда №52 арнайы балабақшаcының тәрбиешісі жарымжан баланы ұрып-соққан, деп хабарлады Elorda.info

Maruv_blago қайырымдылық қорының мәліметіне сәйкес, ата-аналардың бірі баласының денесінен соққының іздерін байқаған.

Келесі күні ата-ана балабақша басшылығы мен тәрбиешілерден мән-жайды сұраған көрінеді. Белгілі болғандай, тәрбиешінің баласын ұрып жатқаны бейнекамераларға түсіп қалыпты.

Қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. 

Қор өкілдері мекеме директоры кінәлі қызметкерге қатаң шара қолданбағанын жазады. Балабақша директоры мұны тәрбиешілердің жетіспеуінен деп түсіндірген. Алайда зардап шеккен баланың анасы балабақша басшысының үстінен арыз жазған. Павлодар облыстық Білім басқармасы жағдайдың бақылауда екенін айтып отырған көрінеді.

Қазір мекемеде тексеру жүріп жатыр. Тәрбиеші әзірге жұмыстан шеттетілді. Мекеме басшысы тәртіптік жазаға тартылды, – дейді Білім басқармасының өкілдері.

Барлық жаңалықтар