00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Газды 20 пайыз жеңілдікпен кімдер ала алады

31.03.2023 | 17:55
Елорда ақпарат
32

Тұрғын үй көмегін қажет ететін аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар төмендетілген бағамен газ ала алады, деп хабарлады Elorda.info ranking.kz сайтына сілтеме жасап. 

11 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада тұратын АӘК пен тұрғын үй көмегін алушылар үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-дағы  газды сатудың бөлшек бағалары 20%-ға төмен.

Қарағанды облысында 1 текше метр газдың бағасы 36,4 тг, ал АӘК және тұрғын үй көмегін алушылар үшін 29,1 тг құрап отыр. Түркістан облысы мен Шымкентте 1 текше метр газ 29,1 тг тұрса, ал аталған көмек түрлерін алатындар үшін 23,2 тг болып белгіленген.

Өткен жылы елімізде атаулы әлеуметтік көмек 990,5 мың адамға тағайындалды. Олардың басым бөлігі Түркістан облысы (237,5 мың адам), Шымкент қаласы (225,8 мың адам) және Алматы облысының (115,1 мың адам) тұрғындары.

Әлеуметтік төлемдердің ең жоғары орташа айлық мөлшері Астана (8,4 мың тг), ШҚО (8,4 мың тг) мен Алматыда (8,1 мың тг) тіркелді.

Мемлекеттік тұрғын үй көмегін алушы отбасылар саны 32,2 мыңды құрады. Олардың ең көп саны Қызылорда (4,6 мың), Шығыс Қазақстан (4,1 мың) және Жамбыл (4 мың) облыстарында тұрды.

2021 жылғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері – 3,3 мың теңге. Ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау (8,4 мың теңге), Қызылорда (6 мың теңге), Түркістан облыстарында (6 мың теңге) тіркелді.

Барлық жаңалықтар