00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Қанша ресейлік Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген

31.03.2023 | 17:27
Елорда ақпарат
106

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Ішкі істер министрлігінің өкілдері Қазақстан азаматтығын алуға мыңдаған ресейлік өтініш бергенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлім еткендей, 1 сәуірден бері ресейліктер 93 045 жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеген.

1 сәуірден бері ресейліктер 93 045 ЖСН алған. Ал ықтиярхатты сол аралықта 4 271 ресейлік рәсімдеген. Оның ішінде 116-сы - этникалық қандасымыз. Ықтиярхат алудың ерекше тәртібі бар екенін білетін шығарсыздар. Оның әрқайсысы өздерінің төлем қабілетін дәлелдеді. Бұл – 1320 АЕК көлемінде, яғни 4 млн теңгеден астам деген сөз. Ал азаматтық рәсімдеуге 441 тұлға өтініш берді. Оның 117-сі –Ресейден келген этникалық қазақ, - деді Аслан Аталықов.

Барлық жаңалықтар