Онлайн форматтағы іс-шара маусымның 27 мен 29 күндері аралығында электронды еңбек биржасы арқылы жүргізіледі. Ол үшін алдымен enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет.
Қазақстанның жетекші жұмыс берушілері жәрмеңке барысында онлайн өзін-өзі таныстыру өткізіп, қолда бар әлеуметтік топтамалары жайлы таныстырулар өткізеді. Қызығушылық танытқан азаматтармен бейне сұхбат жасайды, - деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департаменті директорының орынбасары Жанболат Данияров.