00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елімізде тәтті тұтыну көрсеткіші төмендеді

25.02.2023 | 09:26
Айман Нығмет
36

Energyprom.kz vәліметінше, құм қанттан басқа, ел тұрғындары балмұздақ және шоколадты тұтынуды арттырды. Тазартылған қантты тұтыну жан басына шаққанда 27,6%-ға, тоқсанына 113 граммға дейін төмендеді. Джем, шоколадпен қосылған кәмпит, бал және басқа да тәттілерді тұтыну төмендеді.

ҚР өңірлері арасында 2022 жылдың бірінші тоқсанында ең көп қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдерді тұтыну Алматы, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді. Ең төменгі көрсеткіштер Шымкент, Атырау,  Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша ҚР қалаларында 1 кг құм-қанттың орташа бағасы ағымдағы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша 439 теңгені құрады. Ең қымбат қанттың бағасы Алматыда (463 тг), одан кейін Қарағанды (461 тг) және Атырау (460 тг), арзанырақ — Ақтөбе (378 тг), Ақтау (397 тг) және Петропавл (401 тг) қалаларында сатылады7

 

Барлық жаңалықтар