«15 жылға соттау»: Бас прокуратура қыз алып қашқандар қалай жазаланатынын айтты
![](/img/articles/uploads/62aaca5a364fd343926221_e21b611bab.jpg)
Қыз алып қашу - салт-дәстүр ме, қылмыс па, мұны ажыратудың бір жолы бар, ол - қалыңдықтың келісім беруі және алып қашқан адамдардың осындай келісімнің барын түсінуі. Басқаша айтқанда, келісім бермеген қызды еркінен тыс алып қашса, күштеп ұстап, басқа жерге апарса, алып қашқандар осы мән-жайды білсе - бұл ауыр қылмыс саналады. Қылмыстық кодекстің 125-бабы - адам ұрлау бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал егер кәмелетке толмаған қызды ұрласа, бұл жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін сотталуы мүмкін және мүлкі тәркіленеді, - деп түсіндірді Бас прокуратура.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл қылмыс үшін ең қатал жаза – 15 жылға бас бостандығынан айыру. Егер топ болып алып қашса, жәбірленушіні абайсызда өлтіріп алу және басқа ауыр жағдайларға әкеп соқса, ұрланған адамды қанау мақсатында жасалса, осындай ауыр жаза қолданылуы мүмкін.
Егер сізді алып қашса немесе көз алдыңызда осындай жағдай болса, дереу 102 қызметіне қоңырау шалыңыз. Полицияға мүмкіндігінше көліктің маркасы, түсі, нөмірі, алып қашқандардың түр-әлпеті, киімі секілді ерекше белгілерді хабарлаңыз. Бұл жағдайда жай ғана куәгер болсаңыз да, арыз жазылмаса да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталады. Егер ұрлаған адам жәбірленушіні босатса және оның әрекетінде қылмыстық құрам болмаса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, елімізде неке жасы – 18 жас.
![](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Мүгедектігі бар азаматтардың цифрлық картасы әзірленіп жатыр – министр](/img/articles/b5cfdeed649b4a567daaf75da14188e5.jpg)
![Түркістанда шетелге жұмысқа бару үшін ата-аналар балаларын мешітке тастап кеткен](/img/articles/54f0d36825ad440a6c34d43ebea71935.jpg)
![Ұлттық банк алаяқтыққа қатысты маңызды мәлімдеме жасады](/img/articles/62e924c8bca6c66151c7214a8327a26f.png)
![Елімізде жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін](/img/articles/ea3863871618e6062750a9427644bf4a.jpeg)
![«Отау» бағдарламасы бойынша алғашқы 300 ипотека берілді](/img/articles/1a60f798d4e27b4337c27cda5a7846a2.jpeg)
![Үкімет Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөледі](/img/articles/a3d511f30d7ee5ca05b93880eb749594.jpeg)
![Биыл 7 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды](/img/articles/949345ebe2bcc04f3412a27bd5ecc776.jpg)
![25 мың қазақстандық кене энцефалитіне қарсы екпе салдырды](/img/articles/5b57aeaf23f17cd03a90059f2d1229f5.jpeg)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)