Ақпан айының соңынан бері 42 мың ресейлік қазақстандық ЖСН алған
![](/img/articles/uploads/62a06cad13d99702859743_e066e583b3.jpg)
2022 жылдың 24 ақпанынан бүгінге дейін 42 506 ресейлік азамат Қазақстаннан ЖСН алды. Өткен жылы осы уақыт аралығында Ресейдің 2 230 азаматы ЖСН алған болатын, - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Осылайша, бұл көрсеткіш 19 еседен асып кеткен.
Министрлік сондай-ақ биыл Қазақстанға Ресей төлқұжатымен 400 мыңға жуық адам кіргенін және 580 мың адамның кеткенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп екенін мәлім етті.
Бұған карантиннің әлсіреуі және сәуір айында құрлықтағы шекараның ашылуы себеп болып отыр. Бұрын тек ұшақпен ғана кіріп-шыға алатын. Келушілердің үштен екісі Қазақстанға құрлықтағы шекара бекеттері ашылғаннан кейін кірген. Елден кеткендерге қатысты үрдіс те осындай, - деп түсіндірді ІІМ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 26 мамырдан бастап шетелдіктерге ЖСН берудің онлайн қызметі қолжетімсіз болып қалған болатын. eGov.kz сайты техникалық себептерге сілтеме жасап, Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Бұл ретте шетелдіктер ЖСН-ді халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады.
26 мамырдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңде Мемлекеттік корпорация арқылы Ресейдің 2852 азаматы ЖСН алды, - деп хабарлады ІІМ.
Сондай-ақ ведомство ЖСН банктік карталарды, шоттарды, заңды тұлғаларды ашуға, мемлекеттік баж салығын төлеуге, мәмілелер жасауға және т.б. байланысты әлеуметтік, медициналық, қаржылық және басқа да мәселелерді шешу үшін қажет екенін қосты
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)