00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Еліміздің барлық өңірінде дауыс беру аяқталды

25.02.2023 | 08:12
Елорда ақпарат
78

Бұған дейін еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 және 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 12 референдум учаскесінде жұмыс аяқталып, комиссия мүшелері дауыс санауға кіріскен болатын.

Ал дәл қазір сағат 21.00-де Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы 1 858 учаскеде өңір тұрғындары дауыс беріп болды.

Сонымен қатар шет елдердегі 5 учаске де жұмысын тоқтатты. Оның барлығында комиссия мүшелері дауыс санауға кірісті.

Қазіргі уақытта шет елдердегі 48 учаскеде ғана дауыс беру жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 936 655 адам дауыс берді. Бұл - дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 67,65 пайызын құрайды.

Барлық жаңалықтар