00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтармайтын болды

25.02.2023 | 07:39
Елорда ақпарат
33

2020 жылдың 19 қазанында Бас прокуратураға бүгінде Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға ауысуы туралы жазбаша өтініш келіп түскен.

Сол күні қытай тарапына тиісті сұраныс жіберілді. ҚХР Әділет министрлігінің 03.03.2021 жылғы жауабына сәйкес Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстан Республикасына беруден өмір бойына сотталғандығына байланысты бас тартылды, - деді Бас прокуратура Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Ғалымжан Қойгелдиев Tengrinews.kz-тің ресми сауалына берген жауабында.

Оқи отырыңыз: Қытай түрмесінде 8 жыл отырған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға экстрадицияланады

Сондай-ақ прокурор қазақстандық тарап Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстыруға үмітін үзбейтінін, егер Қытай соты сотталушының жазасын қысқартып, жазаны өтеудің нақты уақытын тағайындаса, бәрі мүмкін екенін айтты.

ҚХР-дағы ҚР елшілігі қолданыстағы заңға сәйкес А.Тұрлыбайдың жаза мерзімін қысқарту үкім заңды күшіне енген сәттен 2-3 жыл өткеннен кейін мүмкін болатынын айтты. Бұл мәселе тұрақты бақылауда, А.Тұрлыбайға қатысты жаза жеңілдесе не жазаның нақты мерзімі айтылса Бас прокуратура оны Қазақстанға ауыстыру туралы қайтадан сұрау салуға бастамашылық жасайды, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Ақжарқын Тұрлыбайды Қытай полициясы 2014 жылы наурызда тұтқындаған. 2015 жылы маусым айында Қытай соты Тұрлыбайды өмірлік түрме жазасына кескен. 2016 жылы сәуір айында апелляциялық сот үкімнің күшін жойып, істі қайта қарау үшін бірінші инстанцияға қайтарған. Бұған дейін Тұрлыбайдың өзіне тағылған айыпты мойындамайтыны хабарланды.

Барлық жаңалықтар