00:00
Астана -10oC
USD:
443.35
EUR:
475.54
RUB:
4.82
Іздеу

Елордада 47 жастағы ер адам супермаркеттен шоколад ұрлаған

25.02.2023 | 07:32
Елорда ақпарат
29

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде 47 жастағы күдіктіні қолға түсірген.

Тергеп-тексеру барысында ер адам Merci шоколадының 20 данасын ұрлағаны анықталды. Дүкенге келтірілген шығын құны 33 мың теңгені құрап отыр, – делінген хабарламада.

Ер адам дүкеннен керегін алған соң, төлем жасамай, касса арқылы өтіп, супермаркеттен сыртқа шығып кеткен. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті кінәсін мойындап отыр және Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Барлық жаңалықтар