Отбасы күніне орай елордада жас жұбайлар некелерін қиды (ФОТО)
Олар өздерінің отбасылық өмірінің алғашқы қадамын Есілдің сол жағалауындағы «Бәйтеректің» биігінде жасауын жақсылыққа балап, маңызды сәт екенін айтты. Қазақы ұғымымызда жайқалған бәйтеректей жапырақ жайып, орманға айналсын деген ұғым жұбайлардың бүгінгі арман-тілегімен ұштасып жатты.
Жастардың қуанышымен бөлісіп, жас жұбайлардың өміріндегі алғашқы маңызды сәттің куәсі болуға келген туған-туыстарымен бірге Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев, Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Қарлығаш Саркенова да келіп, құттықтады.
Вице-министр Серік Егізбаев атап өткендей, статистикаға сәйкес, Қазақстанда некелердің ең көбі көктемде тіркеледі екен.
«Махаббаттың құдірет күші әлдилдеп, табыстырған екі жастың жүрегін» деген өлең жолдарындай сіздер бұл өмірде бір-бірлеріңізді тауып, өмірге бірге қадам басып жатырсыздар! Осындай қуанышты күні біріншіден, ата-аналарыңызды құттықтаймын. Әрбір ата-ана үшін үлкен бақыт – өздерінің балаларының бақытын көру. Бүгінгі құрып жатқан шаңырақтарыңыз биік болсын, керегелері кең болып, қазандарыңыз қаспақты, балаларыңыз он шақты болсын, – деді С.Егізбаев.
Жастармен әңгімелесу барысында өмірге маңызды қадам басқалы тұрған жұбайлардың отбасы құндылықтары, алдағы өмірі туралы ойы тоқтаған, қазақы дәстүрлердің алға апарушы міндеттерін түсінетіні қуантты.
Ұлттық салт-дәстүрді сақтап, бала тәрбиесінде адамзаттық ұлттық құндылықтарға негізделсе, отбасының іргесі мықты болады. Әлеуметтік орта да жас жұбайларға ықпалдасып, олардың өнегелі отбасы болуына мүдделі. Біз қоғамымызда ажырасудың аз болғанын қалаймыз, сондықтан отбасы институтын кеңінен насихаттауға тырысамыз, - деді Есіл аудандық АХАЖ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.
Бұл салтанатты рәсім Отбасы күніне орай елордада өтетін іс-шаралардың шымылдығын түрді. Мұндай мағыналы шаралар отбасы мәртебесін көтеріп, ортақ құндылықтарды дәріптеуде орны ерекше болмақ.
Айгүл Уайсова
![Елімізде субсидия беру шарттарына өзгеріс енгізілді](/img/articles/32e341cd42188f1ca288ab321c83a9f7.jpg)
![Майқайың кенішінде 7 ай бұрын шұңқырға құлаған автобус табылды](/img/articles/d6def48c7dabbdda6b14c0f21a41e279.jpg)
![Мас күйінде көлік жүргізген Қостанайдың бас имамы қызметінен кетті](/img/articles/31ad1caff5adaf4bdf664ef4e3ec8388.jpg)
![Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды](/img/articles/f85ae577a82ba1fd63c2b6a7587adc9a.jpg)
![Елімізде «Балаларды суда қорғаңыздар» республикалық акциясы басталды](/img/articles/2c30bbdac73444ea15b131f7dc7ffeae.jpeg)
![Қызылордада қан орталығы ашылды](/img/articles/9cf5d69f522d9e3d6dee9b4df0a8dc73.jpg)
![Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды](/img/articles/c41ec71c9f2ecdeca01914ebeca009b4.jpg)
![Мектеп жиналысында бірін-бірі балағаттаған ақсулық ата-аналардың ісі сотта қаралды](/img/articles/1c5c264c10b72372cb7451ac5db5b731.webp)
![Қазақстанда алғаш рет ұрықтың өмірін сақтау бойынша бірегей ота жасалды](/img/articles/ee78cb17332100fb0da38d418a5bd9d2.jpg)
![Шымкентте «ауызашар» өткізем деп радикалды ұйымға үгіттеген топ мүшелері ұсталды](/img/articles/1bba407652f531cbfc1bb54a633f21ea.webp)
![«Келешек» бағдарламасы: Балаға есепшотты қашан ашу керек?](/img/articles/529b59b614c141fefc4d2f3bf14ec0db.jpeg)
![Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас неге бұзылады](/img/articles/uploads/M_Qaq_Pc96_HOS_Tw3_Kfp_K61_DH_1_Dk_V4_Pjc_To_Kg1_I_Vh_Bo_jpg_width_1200_Xheight_auto_Xtype_1_1811cf51e9.jpg)
![Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен танысты](/img/articles/503331a18b750342f54edc9152e1a544.jpg)
![2023 жылы Ораза қашан басталады](/img/articles/uploads/633ada224c5d0678507428_78f7824421.jpg)
![Қазіргі таңда тұтас ел болып осы алпауыт апатпен күресіп жатыр- Аян Сәлімгерей](/img/articles/a4cd1694e8de78c3d0a0acda41fe3dfa.jpeg)
![Тойға қанша қаражат жұмсаймыз?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_24_at_15_45_08_6d81d50650.jpeg)
![«Алтын белгі» алуға қойылатын талаптар күшейтілуі мүмкін](/img/articles/uploads/616ff04176bd9683684180_84dea5293b.jpg)
![«Отау»: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы кімдер баспана алады?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_02_29_at_11_17_01_cdcebeeef0.jpeg)
![Елордада әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті](/img/articles/968227457805fc2cb35e3ae3076ae9d7.jpg)
![Шерзод Пулатов: Ассамблея – ұлт бірлігі мен ынтымағының тиімді жолбасшысы](/img/articles/86afd90d3edc2e03a928d313cc3c230a.jpg)