00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

Қарағанды фармацевтикалық зауыты енді «Спутник V» вакцинасын өндірмейді

25.02.2023 | 05:38
Елорда ақпарат
109

Бас санитар дәрігер Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 4 миллион дозасы бар екенін айтты. Оның 1,8 миллионы қытайлық Sinopharm, 1,5 миллион дозасы Pfizer және 800 мыңы QazVac вакцинасы екен. 

Бұл вакциналау және қайта вакциналау үшін жеткілікті. Сондықтан қосымша вакцина сатып алынбайды. Біз вакциналардың қолданылуына қараймыз. «Спутник V» вакцинасын алуды жоспарлап отырған жоқ. Қазір Қарағанды фармзауыты вакцина өндіруге дейін шығарған дәрілерді дайындайды. Вакциналар Қарағанды фармацевтикалық зауытында өндірілмейді, – деді ол.

Айжан Есмағамбетова вакцинаның қазіргі қоры қазан айына жететінін айтып өтті. Кейін Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарды тегін вакциналау үшін шетелдік вакцинаны сатып алмайды. 

Барлық жаңалықтар