00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астанада жануар құқығын қорғауға арналған митинг өтеді

25.02.2023 | 04:57
Елорда ақпарат
36

Біз – митинг ұйымдастырушылары, жануарларды шикізатқа, яғни адамның рақатын қанағаттандыратын ресурсқа теңестіруге қарсымыз. Барлық жануар – сезімтал тіршілік иелері: олардың да жаны бар, олар да біз сияқты эмоцияларды сезіне алады және олар да далада тентіреп өлгісі келмейді, – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Митингке қатысушы кез келген адамға ортада сөз сөйлеу мүмкіндігі беріледі.

Егер сіз цирктердегі, хайуанаттар бағындағы жануарларға жаныңыз ашып, солардың тағдырына алаңдасаңыз немесе үй жануарларына қатысты жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы болсаңыз, жалпы, жануарлар құқығын қорғау тақырыбына өз айтарыңыз болса, міндетті түрде жиынға келіңіз, – дейді ұйыдастырушылар.

Айта кетейік, митинг А.Пушкин мен Ш.Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы бақта өтеді. 

Барлық жаңалықтар