00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Денис Теннің өлімі бойынша сотталған Жанар Толыбаева бостандыққа шықты

25.02.2023 | 04:09
Елорда ақпарат
28

2021 жылдың желтоқсанынан бастап Жанар Толыбаева қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде емес екенін хабарлаймыз, - делінген комитет хабарламасында.

Еске сала кетсек, белгілі спортшы, Олимпиада жүлдегері Денис Тенді өлтірген Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаевалар 2019 жылы қаңтар айында сотталған болатын. Судья екі сотталушыны 18 жылға бас бостандығынан айыру туралы, жүкті әйел Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

2020 жылдың 6 қаңтарында Іле аудандық сотының қаулысымен Жанар Толыбаеваның арызы қанағаттандырылып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген мерзімі бас бостандығынан шектеу жазасына ауыстырылды. Дегенмен өткен жылы маусымда жазасы жеңілдетілген Жанар Толыбаева қайтадан абақтыға қамалды.

Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылы 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза тапты.

 

Барлық жаңалықтар