00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

«Пайызсыз баспана» кооперативі тұрғындарға сан соқтырды

25.02.2023 | 02:40
Елорда ақпарат
117

31-арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасындағы сюжетте айтылғандай, салымшыларға пәтер берілуі керек болған. Тіпті тұрғын үй ауданын таңдауда шектеу қоймапты. Осыған имандай сенген тұрғындар алаяқтарға 200 миллион теңге жинап берген. 

«Пайызсыз баспана» ұйымдастырушыларының жүйесі қарапайым. Жобаның мүшесі атану үшін бастапқы салым 300 мың теңге құю керек. Сондай-ақ 4 ай ішінде пәтер құнының 30% төлеу қажет. Қалған 70% кооператив өзі төлеуге уәде берген. Кооперативке сеніп қалғандардың бірі – Алматы тұрғыны Ақару Тойшы. Ол сегіз ай бұрын ақшасын құйып қойған екен, алайда пәтерін ала алмаған. 

Барлығы 600 мың теңге салдым. Ай сайынғы төлем 50 мың теңге деді. Мен барынша көбірек құюға тырыстым. Әрине, жалақым көп емес. Тапқан табысымды бірден салып отырдым, - деді зардап шеккен Ақару Тойшы. 

Кейбір салымшылар өз қаржыларын 2018 жылдан бері қайтара алмай жүр. Адвокат Ғабит Өмірбековтің сөзінше, жапа шеккендер 240 адамнан көп болуы мүмкін. Себебі келісімшартты ұйымдастырушылар орындамаған, тіпті кейбірімен тек ауызша түрде келіскен екен. Ал қаржыны мобильді аударым арқылы жіберуді сұраған.

Қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін басшылығы арнайы келісімшарт жасаған. Бұл бойынша зардап шеккендер тек азаматтық сотқа жүгіне алады, сәйкесінше қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл бір сөзбен айтқанда – қаржылық пирамида, алаяқтық, - дейді Ғабит Өмірбеков. 

«Пайызсыз баспана» әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Алайда басшысы қазір жұмыс істемейтінін айтып, Ерхан есімді азаматқа хабарласуды сұраған. Ал кеңселері жабық. 

Ондаған зардап шеккен азамат ұжымдық арыз жазған. Енді істі экономика департаменті қарайды. Департаменттегілер қаржылық пирамида белгілерін анықтау үшін азаматтар арызын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберген. 

 

Барлық жаңалықтар