00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

Елордада «Ислам орталығы» ашылады – Бас мүфти

24.02.2023 | 23:01
Елорда ақпарат
103

Бас мүфти бағдарлық баяндамасында барлық бас имамдарға өз өңіріне білікті кадрларды қызметке тартуды, осы мәселемен кешенді түрде айналысуды тапсыратынын және мұны жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.

Діни білім іздеген жастар неге шетелге оқуға кетеді? Бұл сұрақ осында отырған әрқайсымызды терең ойландыруы керек. Бірнеше жылдан бері мемлекетіміздің көмегімен Ислам әлемінде жоғары мәртебеге ие әл-Әзһар университетінен білікті мамандарды Нұр-Мүбәрак университетіне қызметке шақырдық. Алайда шетелге діни білім алуға кетушілер саны азаяр емес. Біз жастарды өз елімізде діни білім алуға қызықтырып, жігерлендіруіміз керек. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, Алла қаласа, жуырда елордамыздан арнайы терең діни білім беретін «Ислам орталығын» ашуды жоспарлап отырмыз. Мақсат – отандық діни кадрлардың сапасын арттыру, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Барлық жаңалықтар