00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Өнімнің халал екенін анықтайтын қосымша іске қосылды

24.02.2023 | 20:23
Елорда ақпарат
25

Қосымшаның негізгі қызметі – "QMDB Halal" өнімдерді іздеу функциясын қолжетімді ету. Halal Guide қосымшасында көрсетілген барлық деректер halaldamu.kz сайтында көрсетілген ресми ақпараттар негізінде жасалған және әрдайым жаңартылып отырады. Кәсіби мамандардың ұзақмерзімді ізденісі нәтижесінде дайындалған қосымшасының бірнеше артықшылығы бар:

  • Кез келген өнім не кәсіпорынның "Халал Дамудан" сертификаттаудан өткен-өтпегенін жылдам тексеруге мүмкіндік береді;
  • Өнім қаптамасында көрсетілген "Е тағамдық қоспалардың" рұқсат етілген, рұқсат етілмеген, күмәнді түрлерін лезде анықтауға болады.
  • Халал тамақтану орны, ет дүкені секілді кез-келген сертификатталған кәсіпорын мекен-жайы 2Gis картасы арқылы көрсетіледі.

Қосымшаны App StorePlay market арқылы жүктеп алуға болады.

Барлық жаңалықтар