00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Іздеу

Зейнетақы жарналары салынған депозитпен не істеуге болады және неге тыйым салынады

24.02.2023 | 20:00
Елорда ақпарат
64

Отбасы банк мәліметінше, алдағы уақытта "Отбасы банктегі салымды толықтыру" батырмасы пайда болады.

“БЗТ қосылған депозиттерге ТҚЖ стандартты шарттары қолданылатын болады. Яғни депозиттерге Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысы және 20% мемлекеттік сыйлықақы (жыл нәтижесі бойынша жинақталған 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомаға) есептеледі. БЗТ қосылған депозит көмегімен тұрғын үйді 3 жыл ішінде сатып алу қажет болады. Егер банк клиенттері БЗТ қосылған депозитті көрсетілген мерзім ішінде пайдаланбаса, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады”, – делінген хабарламада.

Салымды жауып, зейнетақы төлемдерін шешіп алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Мұндай депозиттерді туыстарыңызға табыстаған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Депозитті бөлген кезде тек өз жинақтарыңызды және банк сыйақысын алуға болады, егер депозиттің мерзімі 3 жыл және одан көп болса онда мемлекет сыйлықақысын да қоса аласыз, бірақ БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылатын болады.

Бір адамның атында бірнеше депозит болса және олардың бірінің құрамында БЗТ қаражаты қосылған депозит болса депозиттерді қосуға болады. Немесе екі адамның депозиттері ал БЗТ қаражаты депозитті қабылдаушы тараптың атында болған жағдайда қосуға рұқсат беріледі.

Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

Бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалатын болады.

Барлық жаңалықтар