00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Елімізде мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындау жеңілдетілді

24.02.2023 | 18:06
Елорда ақпарат
83

Енді бұл қызметтердің көрсетілгенін растау үшін 1 SMS-хабарлама жеткілікті. Бұрын жоғарыда көрсетілген қызметтерді алу процесі екі SMS-хабарламаны қамтитын: проактивті сипатта мемлекеттік қызметтерді көрсетуге келісім беру және пайдаланушы төлем немесе жәрдемақы алғысы келген банктік шоттың 20 таңбалы IBAN нөмірін жіберу. Енді қызмет көрсету банкін таңдауды растау мемлекеттік қызмет көрсетуге автоматты келісім болып табылады.

Еңбек министрлігі тұрақты негізде ағымдағы электрондық процестерді жақсарту және қызмет көрсетудің қағаз нысандарын электрондық және проактивті сипаттарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мемлекеттік қызметтердің жаңа өзгертілген сипаттағы реинжинирингі шеңберінде мынадай проактивті қызметтер іске қосылды: «Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау», «Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау», «Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау» және «Асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау».

Барлық жаңалықтар