00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Нұр-Сұлтан тұрғыны микроқаржылық ұйым кассирін тұншықтырып, ақша тонамақ болған

24.02.2023 | 15:55
Елорда ақпарат
66

Департамент мәліметінше, күдікті маска тағып, микроқаржылық ұйымға келген. Кеңседе тек кассир барын көріп, әуелі одан ақша талап еткен. Кейін оны тұншықтырмақ болыпты. Алайда кассир қыз дабыл батырмасын басып үлгерген. 

«Ер адам қылмыс жасағаннан кейін аялдамаға барып, автобусқа отырған. Ол қоғамдық көлікте QR-code арқылы төлем жасаған. Осылайша оның кім екенін анықталды», – деп жазылған департамент хабарламасында.

Қазір Қылмыстық кодекстің 191-бабы («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұрын жасалған қылмыстырға қатысы бар-жоғы тексеріледі.
 

Барлық жаңалықтар