00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Қауіпсіз елдер рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр

24.02.2023 | 15:50
Елорда ақпарат
136

Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан 137 елдің ішінен 98-орынды иеленді. Біздің елдің индексі 46,23-ті құрады. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, мемлекет те соғұрлым қауіпсіз саналады. 

Елдердің индексі Numbeo жүргізген сауалнамаларға байланысты есептеліп, аталған елде қылмыс деңгейінің төмен не жоғары екенін көрсетеді. Индексі 20-дан төмен болғанда, елдің қауіпсіздігі өте төмен, 20 мен 40 аралығында – төмен, 40 пен 60 аралығында – орташа, 60 пен 80 аралығында – жоғары, 80-нен асса өте жоғары болып саналады. 

ТМД елдері рейтингте былайша орналасқан: 

  • Армения – 10-орын;
  • Әзербайжан – 34-орын;
  • Өзбекстан – 37-орын;
  • Ресей – 52-орын;
  • Молдова – 76-орын;
  • Украина – 81-орын.

Қырғызстан мен Беларусьтің жағдайы біздікінен мүшкіл. Біріншісі 107-орынға жайғасса, екіншісі 114-орында тұр.

Рейтингтің ең басында Катар, БАӘ, Тайвань тұрса, тізімді ОАР, Папуа Жаңа Гвинея және Венесуэла түйіндейді.

Естеріңізге салсақ, биылғы қаңтар мен тамыз аралығында Қазақстанда 113,5 мың қылмыстық құқықбұзышылық тіркелген. Былтырғы көрсеткіш те шамамен сондай болатын. 

Қылмыстың ең көбі Алматыда жасалған (18,1 мың). Антирейтингтің алғашқы үштігінде елорда (11,6 мың) мен Алматы облысы (10,8 мың) да тұр.

Ал қылмыс ең аз тіркелген өңір – Қызылорда облысы (2,6 мың). 

Барлық жаңалықтар