Бүгінде маймыл шешегі 42 елде тіркелген. Бұл ауру Еуропа елдерінде көп таралған. Онда бұрын-соңды тіркелмеген ауру жылдам тарап жатыр. Чилиде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам анықталды. Науқастың жуырда Еуропадан келгені белгілі болды. Қазір ол уақытша оқшауланды. Онымен қарым-қатынаста болғандар дәрігерлердің жіті бақылауда.
Әлемде қанша адам маймыл шешегіне шалдықты
Әлемде маймыл шешегін жұқтырған науқастардың саны 2100 адамнан асты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
