«Тың идеялар мен парасатты қоғам қалыптастыру кезеңі»

0
189

Әрбір қоғам мен ұйымның шарықтап дамуы, алға мақсат қоя армандарға сенім қадамымен қадам басу сәті де бар. Сол сәттердің өз уақыты мен кезеңінде ұлтқа қажеті әділдік пен шынайлықты серік еткен, парасат – пайымы бар, көзі ашық, көкрегі кең, мәдениеті дамыған, тарихы сақталған, бағыт – бағдары айқындалған, өзіндік көзқарасы бар тұлғалардың ел игілі үшін аянбай еңбек еткені.

Кешегі күннің жалғасы, ертеңгі күннің сенімі мен ата-баба арманының жалғасы – қазіргі саналы ұрпақ. Қазіргі ұрпақтың арманы жоқ десек те қате емес. Бүркіттей самғап ұшып, қырандай қырғи, данадай дара тұлғалар заманында әлемнің қиыр шетінде білім алып, өз ісін ашып немесе ойдағы ісін бастауына да мүмкіндіктер көп. Себебі, бүгінгі саналы ұрпақ кешегі ата-баба армандаған Тәуелсіз елдің ұрпақтары.
Бір сөзбен айтқанда: «Арыстандай айбатты, қырандай қанатты…» жас ұрпақ. Сол жас ұрпақтың да бүгін міне, өз армандарын орындап қоғамда орнын табуға, ізденіп, арман қуалаған жандарға жаңа мүмкіндіктердің де бірі «Нұр Отан» партиясының партияішілік іріктеуі.

Бұл жұмыс – үлкен саяси дода. Осы додада ең бастысы халық пен қоғамның болашағы үшін, жаны мен ойы елім деген азаматтары алдыңғы сапта болуы қажет. Себебі, адам өзімен қоса өзгені де ойлағаны жөн. Ал, өзгерістерді өзіңнен бастағаны абзал.

Өзгеріссіз қоғамның алға жылжуы, ілгері басуы, заман талабына сай әрдайым даму сатысында болуы мүмкін емес.

Бүгінде жастардың саясатқа баруы, өмірлік тәжірбие жинақтауы, тұлға болып қалыптаса, өзіндік көзқарасы бар көшбасшы атануы қуантады. Ең бастысы, бүгінгі күннің күн тәртібіндегі сұрақтарды көтере отырып, ертеңгі күннің жоспарын құра, болашаққа бағдар жасай алатын тың стратег тұлғалар ауадай қажет.

Ең бастысы қазіргі уақытта көшбасшылардан гөрі, қоғам мен халық үшін маңыздысы тың инновациялық идеялар.

Айналаң бақытты болмай, өзіңнің бақытты болуың мүмкін емес. Бақыт бұл отбасыдан, мектептен және өзің отырған ортаңнан басталады. Сондықтан да, бақытты ғұмыр кешеміз десек, бүгінгі күнен, қазіргі уақытта болашағымызды білімге баулып, мәдениетке бой алдыртып, парасаттылық қағидаттарын насихаттауымыз қажет.
Қазіргі уақытта қоғам маңызды жаһандық проблемаларға толы. Экономикалық, технологиялық және ғылыми прогресс өркениет құндылықтарынан рухани-адамгершілік дамуынан әлдеқайда жоғары тұрған заман. Ғылым мен техниканың жетістіктері адамзат игілігіне де, оның зиянына да тап болуда.

Осыған байланысты ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз білім, адамгершілік бастамасына зиян тигізуі мүмкін, пайда әкелмейді» деген ойлары санаға маңызды ой салады.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев: «Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің тұрақты дамуына қауіп және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек үкіметтің ғана емес, әркімнің міндеті болуы керек …» деген болатын.
Бүгінгі күні тұлға ретінде қалыптасқан кезде, өзіміздің азаматтық көзқарасымызды білдірту бір бөлек, ісімізбен де дәлелдеп көрсете алуымыз шарт. Сондай-ақ жас ұрпақтың арасында патриотизм құндылықтарын насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға белсенді қатысуға тиіспіз.

Ата-бабамыз осындай байтақ жерді қанын төгіп, жанын беріп сақтап қалып, бізге аманат етіп қалдырды. Біз, ендігі кезекте сол аманатты көзіміздің қарашағындай, жанымыздың бір бөлшегіндей қадірлей де, мадақтап, мақтана, алақанымызға салып келер ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, мұра етуіміз керек. Отан – ол туған жер, Отан- ата-ана өскен жер. Отан- сенің кіндік қаның тамған жерің. Ол Отанның бүгіні мен келешегі өзімізге, ең бастысы біздің тәрбие мен мәдениеттілігімізге тікелей байланысты.

Жеті атамызды біле, ата – ананы құрметтей, дәстүр мен салтты сақтай, үлкенге құрметпен қарап, кішіге ізеттілік көрсете саналы ұлт қалыптастырамыз. Бойымызда ең бастысы әділдік пен шынайлықты, парасаттылықты дәріптей, білімге ұмтылып, сенімді серік етіп, асқақ армандарды іске асыра алсақ Тәуелсіздік туын мәңгілік етеріміз анық.

Бүгін – ол тарих, келешек – ол арман, өткеніміз ол – өсиет.

Ең бастысы біздің миссия, қоғамның әрбір мүшесін парасаттылыққа баули, саналы қоғам, сапалы ұлт қалпытастыруға атсалысу. Ой өзгермей, қоғам өзгермейді.
Тәкәппарлықты серік етпей, парасаттылыққа ұмтылайық! Осы тұста, «Парасаттылық дегеніміз не?!» деген ой қалыптасу да мүмкін.

Парасаттылық-бұл адамдарға тән қасиет, ол олардың іс-әрекеттері, сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікпен, басқа адамдарға өзге адамдарға зиян тигізбеу ниетімен сипатталады.

Парасаттылық – бұл адамның қоғамдағы мәдени, этикалық тұрғыдан дұрыс мінез-құлқы, оның негізі адалдық пен әділеттілікті жоғалтпай, адамның сезімдері мен әрекеттеріне адамгершілікпен қарау іс-әрекеті.

Парасаттылық және өз ісіне деген парасаттылық – еңбекке, өзімізге және айналамыздағы әлемге саналы және адал қарым-қатынас – бұл еліміздің табысының басты факторы.

Қалай ойлайсыз, жақсылық дегеніміз не?
Неліктен адамдар бүгінде жақсылық жасамайды?

Неге адамдар игі істер жасаудан қорқады?
Не үшін парасатты жұмыстар атқармаймыз?
Бір жақсы «парасатты» іс бүкіл әлемді өзгертеді!

«Парасаттылық – өмірлік ұстаным» ұғымы бүгінде әрбір қазақстандықтың өмірлік ұстанымы болуы керек. Бүгінде барша парасатты азаматтардың өмір сүруге, жұмыс жасауға, болашаққа сенімді жоспар құруға бірегей тарихи мүмкіндіктері бар.
Бүгінгі таңда әрқайсымыз уақыттың өсиетін терең түсініп, формуланы нақты ұстануымыз керек: Парасаттылық – бұл ұлттың рухани өзегі, прогрессивті қоғам өмірінің нормасы.

Парасаттылық – қазақша «парасаттылық» немесе ағылшын тілінде «integrity» – адалдық, заңдылық, тұтастық, сенімділік сияқты құндылықтарды біріктіретін күрделі ұғым.

Бұл әділеттілік, адалдық және сенім.
Парасаттылық – бұл қоғамның үкімі, адамның өмір салтын және оның ұстанған жағымды қасиеттерін басқалардың бағалауы.

Жастар – Қазақстанның болашағының негізгі қозғаушы күші, аға буынның лайықты ізбасарлары. Ең бастысы – парасаттылық қағидаттарын ұстанған, патриоттық рухы бар болашақ басқарушылар мен топ менеджерлер ретінде қалыптасқанын көрудеміз.

Бүгінде, біздің еліміз жас ұрпақ, жастар үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда. Біздің Үкімет қазақстандық жастардың лайықты өмірін қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс атқаруда. Соның айғағы – праймаризге деген көпшіліктің қызығушылығы мен кейбір тың идеялардың бар екендігін көрудеміз.
Жастар саясатының басымдықтары Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев басталған «Қазақстан – 2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі болып саналады.

Тіпті жыл сайынғы Жолдауда бізге, жас ұрпаққа: «Егерде Сіздер жақсы оқып, білім алып, өмір бойы өзін-өзі дамытып, болашаққа деген барлық үміттерімізді ақтап, биік белестерге жетеді деген ойдамыз» деген ойда айтылады.
Бүгінде айналамыз, орта, бүкіл әлем тез өзгеруде. Біздің ескі әдеттеріміз, стереотиптеріміз енді өзекті емес. Біз икемді, бейімделгіш және жаңа ашылуларға дайын болуымыз қажет. Егер біздің мемлекетіміздің қалыптасуының басында біз экономикалық, әлеуметтік сипаттағы белгілі бір қиындықтарды бастан өткердік, біздің еліміз бірнеше рет өзгерді. Енді бүкіл әлем болып өзгерудеміз. Яғни, біздің құндылықтар бүгінде ақыл – ойымыз.
Ақыл-ойылы озық тұлға – ол әркез қоғам үшін сұранысқа ие, орта үшін сыйлы. Ол адамның басты қорегі – білім, басты қаруы – кітап, ұстазы – өмірлік тәжірбие, алға жетелейтін компасы – асқақ армандары, шығар биігінің шыңы – қазақ арманы.
Бізбен, сіздер бүгінде барлығымыздың ата-анамыздың, 90-жылдары жасай алмайтын немесе ала алмайтын нәрселеріне қазіргі таңда бәріне қол жеткізді: жақсы жағдайда өмір сүру, сапалы білім алу, өзін-өзі жан-жақты дамыту және жетілдіру т.б. Біз үшін жаһандық әлем ашық, барлық білім көздері ашық.

Біздің басты міндетіміз – жаңару, қазақ арманын іске асыру! Сол арманға – сенім қадамымен қадам басу. Біздің әрқайсымыздың дамуымыз – бұл бүкіл елдің дамуы.

Салтанат Али
А. Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясының
«Масс медиа» дисциплина ұстазы,
«Абай ізімен, парасатты қоғамға» жоба авторы