Разное

Елорданың Antikor Ortalygy алаңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысымен онлайн диалог өтті

Antikor Ortalyǵy» алаңында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс – қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдинмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесу барысында спикер комплаенс қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы толығырақ айтты.

Айбек Кабылдин комплаенс қызметінің негізгі функциялары сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысының алдын алу, жеке және заңды тұлғалардың іскерлік этика кодексінің талаптарын бұзу фактілері, сыбайлас жемқорлық және басқа да заңсыз әрекеттер туралы өтініштерін қарау болып табылатындығын атап өтті.

Бүгінгі күні елордада 30-дан астам ұйымдар комплаенс-офицерлер лауазымын ендірді.

Сонымен қатар, жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің жұмысын мысалға келтіруге болады.

Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу жөніндегі міндет заңнамалық деңгейде енгізілген және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button