Разное

“Қазақфильмнің” үздік 50 кинотуындысы онлайн-кинотеатрда көрсетілімге шықты

«Қазақфильмнің» коллекциясындағы үздік 50 кинотуынды тұңғыш қазақстандық QAZAQSHA онлайн-кинотеатрында көрсетілімге шықты. Бұл туралы Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудияның ресми парақшасында айтылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Енді “Қазақфильм” кинотуындылары бұрынғыдан қарағанда қолжетімді болады. Туындылар ішінде “Қазақфильм” түсірген, қазақ киносының “Алтын қорына” енген фильмдер енгізілген.

Ресми парақшаның хабарлауынша, онлайн-кинотеатрда «Біздің сүйікті дәрігер» (реж. Ш.Айманов), «Менің атым Қожа» (реж. А.Қарсақбаев), «Тақиялы періште» (реж. Ш.Айманов), «Қыз Жібек» (реж. С.Қожықов), «Біржан сал» (реж. Д.Жолжақсынов), «Жерұйық» (реж. С.Тәуекел), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Он алты қыз» (реж. Қ.Мұстафин) т.б. туындылар бар.

“Қазақфильм” кинотуындыларын Tele2TV, AltelTV, ALmaTVBOX, BeeTV мобильді қосымшалары арқылы көруге болады .

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button