Разное

Қазақстан құрамасынан фристайлдан-могул мен акробатикадан әлем чемпионатына кімдер қатысады

Алматыда фристайл -могул мен акробатика бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Olympic.kz дүниежүзілік біріншілікке қатысатын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

8-9 наурыз күндері фристайл-могул бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды. «Шымбұлақта» өтетін байрақты бәсекеде сегіз спортшы ел намысын қорғайды.

Әйелдер: – Юлия Галышева; – Аяулым Әмренова; – Олеся Граур; – Анастасия Городко.

Ерлер: – Дмитрий Рейхерд; – Павел Колмаков; – Антон Бондарев; – Сергей Романов.

Наурыздың 10-11-ші жұлдызына фристайл-акробатика бойынша сайыстар өтеді. Әлем біріншілігіне алты спортшы қатысады.

Ерлер: – Шерзод Хаширбаев; – Роман Иванов; – Ильдар Батрудинов;

Әйелдер: – Жанбота Алдабергенова; – Ақмаржан Қалмұрзаева; – Аяна Жолдас.

elorda.info

Back to top button